АҚШ-та Трамп бейнеленген 1 долларлық алтын монета таныстырылды

АҚШ-та Трамп бейнеленген 1 долларлық алтын монета таныстырылды
Фото: Bloomberg

АҚШ Қаржы министрі Скотт Бессент ел тәуелсіздігінің 250 жылдығына орай шығарылатын жаңа 1 долларлық алтын монетаның дизайнын таныстырды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Министрдің айтуынша, монетаның беткі жағына АҚШ президенті Дональд Трамптың бейнесі орналастырылған. Жаңа монета Америкадағы бостандық, патриотизм және тәуелсіздік құндылықтарын дәріптеуге арналған.

Бессенттің мәлімдеуінше, монетаны АҚШ-тың Мемлекеттік теңге сарайы (U.S. Mint) соғады. Ол бұл бастама елдің тәуелсіздік мұрасын дәріптеп, америкалық құндылықтардың беріктігін және еркіндікті сақтауға деген ұмтылысын бейнелейтінін атап өтті.

Еске салайық, бұған дейін АҚШ-та Дональд Трамптың қолтаңбасы қойылған жаңа 100 долларлық банкноттар басылып жатқаны туралы ақпарат тараған еді.