2025 жылғы 22 қарашада журналистер мен блогерлер арасындағы дәстүрге айналған шахмат турнирі – «Екі елорда кубогы 2025» (Media Chess Cup 2025) өтті. Онлайн-финалда алматылық Григорий Фёдоровты жеңген астаналық Абдихадир Яхияев жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Dalanews.kz
Қазақстанда шахмат ең кең таралған спорт түрлерінің бірі болып табылады. 2024 жылы қазақстандық шахматшылар Халықаралық шахмат федерациясының (ФИДЕ) және Азия шахмат федерациясының (ACF) қамқорлығымен ұйымдастырылған ресми турнирлерде рекордтық 160 медаль жеңіп алды, оның 55-і алтын. 2025 жылдың нәтижесі бұл көрсеткіштен асып түсетіні шүбәсіз.
Шахматты насихаттауда баспасөздің, интернет-басылымдардың, радио мен теледидардың маңызды рөлін ескере отырып, турнир ұйымдастырушылары — Қазақстан шахмат федерациясы (KazChess) және «Chessно говоря» телеграм арнасы — бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен блогерлерге арналған «Екі астананың кубогы 2025» (Media Chess Cup 2025) турнирін екінші жыл қатарынан өткізеді. Турнирдің бас ақпараттық серіктесі — Freedom Holding Corp. қолдауымен шығатын республикалық экономикалық басылым «Деловой Казахстан». Іс-шара 26 қарашада аталып өтетін Дүниежүзілік ақпарат күніне орай ұйымдастырылды.

Оған БАҚ өкілдері – журналистер, редакторлар, фотографтар, бейнеоператорларлар, сондай-ақ кемінде 3000 жазылушыдан құралған аудиториясы бар және соңғы үш айдағы белсенділігі 15 жарияланымнан кем емес блогерлер қатыса алады. Осы орайда уақыт бақылаудың кез келген нұсқасындағы олардың ФИДЕ рейтингі 2025-тен аспауы керек (2025 жылдың 1 қазанындағы дерек бойынша).
2025 жылғы 22 қараша, сағат 11.30-да KazChess/ҚШФ бірінші вице-президенті Дәрмен Сәдуақасов құттықтау сөз сөйлеген қысқа рәсімнен кейін, турнирдің бас төрешісі Асылхан Қараев турнирді ашық деп жариялады.

Астанада - 34 және Алматыда 21 қатысушы осы екі қаланың үздік ойыншыларын анықтау үшін шахмат тақталарына отырды. Жарыс шеңберінде швейцариялық жүйе бойынша 7 тур өтті, уақыт бақылау нұсқасы рапид 10+2 (партияға 10 минут беріледі және әр жүріс үшін біріншісінен бастап 2 секунд қосылады). Ал содан кейін олар Lichess.org ойын платформасында онлайн-режимде әркімнің арманындағы кубоктың иегері атануға лайық ең мықты шахматшыны анықтайды.
Астанада жеңімпаздардың үштігіне кірген ойыншылар: Абдихадир Яхияев (рапидтегі рейтингі – 1889) – 6 ұпай, Алмас Қожамжаров (1557) – 5½ ұпай және Әнуар Жомарт (0) – 5½ ұпай. Алматыда 6½ ұпайға қол жеткізген Григорий Фёдоров (1880) 6 ұпай жинаған Сағыныш Аңсабаевтан (1695) және 5 ұпай алған Жанболат Төрешовтан (1855) басым түсіп, жеңіске жетті.

Тиісінше, Яхияев пен Фёдоров қорытынды 1-ші орын үшін фигуралардың түсі ауысатын, екі партиядан тұратын онлайн-матч өткізді, ал Қожамжаров пен Аңсабаев 3-ші орын үшін бақ сынасты. Партияны ақ түспен ойнап бастаған Яхияев та, Қожамжаров та ұтылды. Бірақ соңғысы екінші партияда да жеңіліп қалса, Яхияев есесін қайтарып алды. Оның Фёдоровпен блицте алғашқы жеңіске дейін 3+1 тай-брейк ойнауына тура келді. Нәтижесінде Шымкенттен келген, ақ фигуралармен ойнаған 49 жастағы өкілі жеңіске жетті (қаралар уақытын өткізіп алды)!
Турнирдің жүлде қоры 1 800 000 теңгені құрады. Ол келесідей бөлінді:
«Екі елорда кубогы 2025» (Media Chess Cup 2025):
- 1-ші орын – Абдихадир Яхияев (₸500 000);
- 2-ші орын – Григорий Фёдоров (₸300 000);
- 3-ші орын – Сағыныш Аңсабаев (₸200 000);
- 4-ші орын – Алмас Қожамжаров (₸150 000).
Алматы және Астана:
- 3-ші орын – Жанболат Төрешов және Әнуар Жомарт (әрқайсысы ₸125 000);
- 4-ші орын – Едіге Досжанов және Мерей Ермұқанов (әрқайсысы ₸75 000);
- 5-ші орын – Заңғар Міргали және Жәлел Нұрышев (әрқайсысы ₸50 000);
- Блогерлер арасындағы үздіктер – Нұрахмет Байжан және Асқар Беков (әрқайсысы ₸25 000);
- Қыздар арасындағы үздіктер – Дилайла Сәдуақасова және Ләззат Түшкенова (әрқайсысы ₸25 000);
- Сеньорлар арасындағы үздіктер – Марат Мүлкібаев және Тілеулес Елеуов (әрқайсысы ₸25 000).
