Астана полиция департаменті бес қабатты ғимараттың құрылыс алаңында үш жұмысшының биіктен құлап, жарақат алуына байланысты тергеу бастады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
«Жұмысшылардың бесінші қабаттан құлау фактісі бойынша құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу белгілерімен қылмыстық іс қозғалды», — деп хабарлады департаментте.
«Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», — деп атап өтті ведомство.
