Трамп Украина билігін “рахметі жоқ” деп айыптады

Dalanews 23 қар. 2025 22:32

АҚШ президенті Дональд Трамп Украина билігі Вашингтон көрсетіп отырған қолдауға алғыс білдірмегенін айтып айыптады, сондай-ақ, Еуропа елдерін Ресей мұнайын тоқтаусыз сатып алып отырғаны үшін сынады, деп хабарлайды Dalanews.kz

Бұл туралы Трамп 23 қараша, жексенбі күні Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

«Мен ешқашан басталмауы тиіс соғысты мұраға алдым. Бұл – бәрі үшін, әсіресе, босқа қаза тапқан миллиондаған адамдар үшін қажетсіз соғыс еді. Украина басшылығы біздің қолдауымыз үшін ешқандай алғыс білдірген жоқ, ал Еуропа Ресейден мұнай сатып алуды жалғастыруда», — деп сын айтты Трамп.

Сонымен қатар, ол АҚШ-тың «Украинаға жеткізу үшін НАТО-ға қыруар көлемде қару-жарақ сатуды жалғастырып жатқанын» атап өтті.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар