Атырау облысында тышқан қаптап, мектептер мен балабақшалар жабылған

Асель Қайратқызы 22 қар. 2025 11:09

Атырау облысы Махамбет ауданында тышқан қаптап, мектептер мен балабақшалар жабылды. Бұрың соңды мұндай жағдайды көрмеген тұрғындар шошып отыр. Жұртта індет тарап кетеме деген үрей басым, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Махамбет ауданы Бейбарыс, Талдыкөл ауылдарында кеміргіш қаптап кеткен. Үй ішінде емін еркін жүре алмай, үлкен кісілер індет тарайма деп үрейлі.

Талдыкөл ауылының тұрғыны былай дейді:

«Біз масқара болып жатырмыз. 10 шақты күн болды. Үйіміз тышқанға толы. Мысық та үлгермей жатыр. Липучка да жабыстырып, у да салып жатырмыз. Дезинфекция да жасап жатырмыз. Бұл ауруға әкелсе, эпидемияға алып келсе, онда кім жауап береді?»

Кеміргіштердің кесірінен екі мектеп, екі балабақша уақытша жабылған. Өйткені бұл ғимараттарда да тышқандар тым көбейіп кетті. 19 қарашадан бері олар қашықтықтан оқуға жіберілді.

Мамандар  тышқандардан сынама алып, ауру белгісі жоқ депті. Ал округ әкімі тышқандар ауылдың бәрінде емес, суға жақын, яғни шет жақтағы үйлерде көп деп отыр. Әрі даланы түгел улай алмаймыз дейді. Ондай шара тек ауру шығып, карантинге жабылғанда ғана жасалады екен.

Шенеуніктер кеміргіштерге қарсы бидайға аралас дәріні әр тұрғынның өз жауапкершілігіне беретіндерін айтты.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар