Freedom Inside '26

Алматы әуежайында қауіпті зат тасымалдаған студент ұсталды

Алматы әуежайында қауіпті зат тасымалдаған студент ұсталды
gov.kz

Алматы әуежайында қауіпті зат тасымалдаған студент ұсталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ұшақта және пойызда кастет, пышақ, электршокер, оқ-дәрі, қару-жарақ, пиротехникалық бұйымдар және өзге де қауіпті заттарды тасымалдауға қатаң тыйым салынған. Бұл туралы Көліктегі ПД бастығының орынбасары Мәлік Қайбар мәлімдеді.

"Алматы әуежайында 22 жастағы студенттен ұшу алдындағы тексеріс кезінде 9×18 мм калибрлі патрон тәркіленді. Сот шешімімен оған 200 АЕК (786 400 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды", - деп жазылған хабарламада.