Binance-тың кейбір қазақстандық пайдаланушылары крипотәмияннан ақша шығара алмауда - БАҚ

Кәмшат Тілеухан 15 там. 2025 12:05

Қазақстандық Binance пайдаланушылары қаражатты салу және шешіп алуда проблемаларға тап келгендерін айтуда, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Binance криптовалюта биржасының қазақстандық бірқатар клиенттері крипто-әмияндардан банктік карталарға ақша аудара да, ондағы қаражатты шеше де алмай қалған, деп хабарлайды Inbussiness өз дереккөздеріне сілтеме жасап.

Пайдаланушылардың пікірінше, транзакциялар еліміздің кем дегенде бес ірі банкінде жасалмауда, ал қолдау қызметтері әртүрлі түсініктемелер беруде. Тіпті, жеке тұлғаларға криптовалюта операцияларына тыйым салынғанын да айтқан.

Ал кейбір жағдайларда ақша аудару кезінде жүйе картаны төлем үшін пайдалану мүмкін емес екенін хабарлап, банкке хабарласуды немесе басқа картаны пайдалануды ұсынған.

Банктердің бірінде "Цифрлық активтер туралы" ҚР Заңына сілтеме жасай отырып, қамтамасыз етілген цифрлық активтермен операциялар тек ЖК мен заңды тұлғаларға ғана рұқсат етілгенін айтыпты. Алайда, Binance Kazakhstan аталған оқиғаның заңнамалық шектеулермен немесе мемлекеттік органдардың әрекеттерімен байланысын жоққа шығарады.

Платформа өкілі QazPost және Freedom Bank арқылы қаражат алу кезінде бұрын техникалық проблемалар байқалғанын, олар қазірдің өзінде жойылғанын және операциялар қолжетімді екенін жеткізді:

"Цифрлық активтер туралы" Заңға сәйкес, қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді шығаруға және олардың айналымына, сондай-ақ олармен биржалардың жұмысына АХҚО-дан тыс жерлерде тыйым салынады. Дегенмен  жеке тұлғаларға криптовалютаны иеленуге тыйым салынбаған, ал Binance Kazakhstan АХҚО-да тіркелген және оның құқықтық режимі шеңберінде жұмыс істейді".

Дегенмен, материал жарияланған уақытта да банктік карталар арқылы қаражат салу және оны шығарып алу мәселесі сол күйінде өзектілігін жоймаған.

Бұған дейін сайтымызда Қаржы мониторингі агенттігі қазақстандықтардың тәркіленген активтерін сақтауға арналған криптоәмиян ашқанын жазғанбыз. Сондай-ақ бүгін АҚШ-тың қырғыз криптобиржасына санкция салғаны белгілі болды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар