"Бас десе, құлақ дейсіңдер...". Божко ауыл жастары жайлы айтқан сөзін түсіндірді

Dalanews 20 қыр. 2017 07:43 864

Мәжілістің вице-спикері Владимир Божко ауылдан қалаға ағылып келіп жатқан жастардың санын азайту жайлы сөзін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Депутаттың айтуынша, ол бұл сөзді айтқанда өңірлерде жағдай жасау туралы, яғни, ауылдан келетін жастарға қала жастарымен бірдей жағдай жасау жайлы ойды жеткізгісі келген.
"Тыйым салды деген сөз - бас десе, құлақ деу.  Мен тыйым салу керек (қалаға ауыл жастарының келуіне - автор.) деп айтқаным жоқ, бұл әр адамның конституциялық құқығы. Мәдениет мәселелерін шешу, жақсы ақша беретін жұмыс тауып беру, жақсы инфрақұрылым жасау"

- деді Божко.

Сондай-ақ, ол "Нұрлы жер" бағдарламасына бөлінген қаражаттың бір бөлігін ауылдарда тұрғын үй жағдайларын жасауға бағытталуы жайлы айтқанын түсіндірді.  Депутаттың айтуынша, ол осы күнге дейін Интернетте өзіне қатысты айтылған түрлі тіл тигізетін сөздерді оқыған.

"Біреулер тіпті дөрекі сөздер жазып, мұны шовинизм деп айыптап жатты. Меніңше, ол адамдар өздерін танымал ету мақсатында менің сотқа дейін барғанымды қалайды. Ал мен сотқа арызданбаймын, мен олардың бұл әдісін білемін. Қазіргі уақытта ақпараттандыру туралы заңды қарап жатырмыз. Менің ойымша, дөрекі пікірлер жазатын және Интернетте өздерін қалай болса солай ұстайтын азаматтарға осы әрекетіне жол бермейтін уақыт келіп қалды", - деді Владимир Божко.

Еске сала кетейік, осыған дейін Депутат "Абу-Даби Плазада" болған төбелестен кейін ауылдан келетін жастарға қатысты пікір білдірген болатын.

Айтуынша, Астанада болған төбелестен кейін әлеуметтік желілерде ауылдардан келген жастардың арандатушылық мәндегі сөздері таралып жатыр.

"Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде ойдан шығарылған және шындыққа жанаспайтын арандатушылық мәндегі мәліметтер таралып жатыр. Ондай пікірлердің басым бөлігі ауылдардан келген жастардан, өздеріне лайықты ақша беретін жұмыс табуға қиналып жүрген жастардан келіп жатыр", - деген еді депутат.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар