Астаналық әйел “баланың еміне” деп әріптестерінен ақша жинап алған

Көркем Алдабергенова 10 сәу. 2026 11:06

Астанада отбасылық қайғылы жағдайды сылтауратып жасалған алаяқтық әшкере болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Сотталған әйел декреттік демалыста бола отырып, бір жыл бойы өзінің әріптестерін жүйелі түрде жаңылыстырып, отбасында қайғылы оқиғалар болды деген сылтаумен, оның ішінде анасының қайтыс болуы және баласының ауыр хәлде екендігі жөнінде көрінеу жалған мәліметтер хабарлап, сол арқылы олардың жанашырлық сезімін тудырған.

Оның сөздеріне сенген және көмек көрсеткісі келген әріптестері, отбасылық мәселелерді шешуге және баланы емдеуге қажет деп ойлап, сотталған әйелге ақша қаражатын аударып отырған.

Қылмыстық әрекеттердің салдарынан жәбірленушілерге 2 млн теңгеден астам сомаға шығын келтірілген.

Жеңілдететін мән-жайларды, атап айтқанда кінәсін мойындауын, шын жүректен өкінуін, келтірілген залалды ішінара өтеуін ескере отырып, сот үкімімен оған 3 жыл мерзімге пробациялық бақылау белгілене отырып, бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove