Астана – адалдық алаңы

Dalanews 13 шіл. 2018 03:27 1016

Астана қаласындағы №10 емханада Астана әкімінің қатысуымен медициналық қызмет көрсету саласындағы жаңғырту мәселесі бойынша республикалық семинар-кеңес болып өтті.

– «Астана – адалдық алаңы» кеңселік жобасы әзірлеген жаңалықтар медицина мекемелерінің басшыларына таныстырылды. Жоба мемлекетпен бірлесіп азаматтармен бірге әрекет жасайтын барлық саланы қамтиды. Оның міндеті әкімшілік кедергілерді барынша болдырмауға нақты түрде күш салуды көздейді. Бастысы – мемлекеттік қызмет алатын орындарды тұрғындар үшін жайлы ету, яғни алғашқы медико-санитарлық көмек көрсететін ұйымдарда медицина қызметін сапалы ету. Азаматтар үшін қолайлы жағдай жасау, түрлі қаржылай шығындарды азайту, уақытта зая кетірмеу және тез әрі дер кезінде цифрлық технология арқылы әрбір тұрғынның көмек ала білуін қамтамасыз ету өте маңызды, – деді әкім кездесуде.

Конференцияға сонымен қатар ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев қатысып, медициналық қызмет көрсету саласындағы жаңғырту бойынша атқарылған жұмыстар туралы айтты.

– Медициналық қызметті цифрландырудың тиімділігін іске асырудың барысы ерекше орын алады. Бұл тек бізде, Қазақстанда ғана осы жолмен емес, қазір барлық елдер әлеуметтік саласын цифрландырып жатыр. Цифрландыруды емханалардан бастау керек. Бұл – ең алдымен, халықты толғандыратын немесе өз дәрігеріне қалай оңай баруға болады деген мәселе. Осыған орай, біз қазір дәрігер таңдау, медицина ұйымдарын таңдау мүмкіндігіне ие болу үшін жаңа кешенді медициналық ақпараттық жүйеге ауысып жатырмыз. Күн сайын бізде алты мың адам тіркеледі, бұл жылына шамамен миллион адам. Көптеген адамдар бірнеше мекемеге қатарынан тіркеліп алған, бұл дегенің ақшаның ай сайын басқа жаққа кетіп жатқандығын көрсетеді. Сол үшін әлгіндей фактілерді анықтауда медициналық сақтандыру қоры жұмысын бастады, – деді денсаулық сақтау министрі.

Кездесуде медициналық қызмет көрсету саласындағы жаңалық таныстырылды. Ол бұған дейін де қаланың біраз медицина мекемелеріне енгізілді. Мысалы, емханада ақпараттық базада сақтаулы тұрған пациенттің электронды құжаты бар. Дәрігерге келген кезде ауру тарихы әрдайым қолжетімді болып тұрады. Бұл амбулаториялық қағаз картасын сақтауды қажет етпейді.

– Бүгінге дейін барлық ведомствоға қарасты ұйымдарда ақпараттық жүйе енгізілді. Штат 100% оқытылды. Клиника интернетпен, компьютерлік техникамен толықтай жабдықталды. Осы жұмыстың нәтижесінде Астана халқының 93%-ында денсаулық туралы электронды құжаты бар. Ол болашақта медициналық жазбалармен толыға түседі. Бұл бізге диагнозды нақты қоюға, сапалы емдеуге көмек көрсетеді, – дейді қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров әкімге есеп беруінде.

Оның айтуынша, осы жылдан бастап емдік препараттарды беру емханалардың өзінде жүзеге асырылады.

– Өткен жылы біздің пациенттер алдымен емханаға келіп рецептін алып, ары қарай жекеменшік зертханаға барса, қазір бұл проблема шешілген, пациент дәрігерге келген соң рецептіні сол жерде алып, медмекемеден кетпестен дәрілік препараттарды ала алады. Дәрімен қамтамасыз етуге қолжетімділіктен басқа, бұл бізге қажетті жетіспейтін дәрілерді сатып алуға кететін 1 миллиард теңгені үнемдеуге мүмкіндік берді, – деді Надыров.

Кездесуге қатысушыларға пациенттердің емін-еркін мекемедегі кабинеттердің орналасуын оңай тауып алуға мүмкіндік беретін интуитивті навигация жүйесін таныстырды. Сондай-ақ емхана заманауи цифрлы киоскілермен жабдықталды, онда арнайы консультанттар тілек білдірушілерге навигацияны пайдалануды үйретеді.

Мекеменің төртінші қабатында ситуациялық орталық салынды. Оның ішінде клиенттерге бағытталған қағида бойынша жұмыс істейтін жаңартылған саІІ-орталық бар. Ситуациялық орталықта онлайн-режимде емхананың жүктемесін анықтау бойынша қажетті ақпараттар көрсетілген.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар