Аудан басшысының айтуынша, өткен жылы аймақта өндірілген жалпы ішкі өнім көлемі 32,8 млрд. теңгені құраған. Ал ағымдағы жылы қала экономикасының ішкі өнім көлемін 33,8 млрд. теңгеге жеткізу жоспарлануда.
– Былтыр қаланың өнеркәсіп кәсіпорындарында 8 млрд. 782 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 104,6 пайызды құрады. Ағымдағы жылы өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексін 105 пайызға жеткізу көзделіп отыр. Сондай-ақ, өңір кәсіпкерлігін қолдау картасы аясында 2018 жылы жалпы құны 8 млрд. 680 млн. теңгені құрайтын 8 жоба іске қосылып, 172 жұмыс орындары ашылатын болады, – деді Мұрат Болатұлы.
Бұдан өзге, өткен жылы аймақта негізгі капиталға тартылған жалпы инвестиция көлемі 5 млрд. 831 млн. теңгеге жетті. Өнеркәсіп, шағын және орта кәсіпкерлік, туризм және ауылшаруашылығы салаларында іске асырылатын жобалардың есебінен 2018 жылы бюджеттік емес инвестиция көлемі 2 млрд. 864 млн. теңгені құрайды деп жоспарланған.
«Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында 3 жобаға қолдау көрсетіліпті. 2018 жылы аталған бағдарлама аясында 7 жобаға қолдау көрсетілетін болады. Оның 3-і субсидиялау, 2-і кепілдендіру, 1 грант, 1 инфрақұрылым бойынша жүзеге аспақ.
Сонымен қатар, өткен жылы өңірдегі ауыл шаруашылық өнімінің көлемі 13 млрд. 142 млн. теңгені құрап, нақты көлем индексі 110,6 пайызға жеткен. Сондай-ақ, былтыр жылыжай алаңы 3,1 гектарға артса, ағымдағы жылы 6 гектарға жылыжай салу жоспарлануда.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі
https://dalanews.kz/28219