Алматыда "құрбандарына" 230 млн теңге зардап келтірген қаржы пирамидасы қызметін тоқтатты

Алматыда "құрбандарына" 230 млн теңге зардап келтірген қаржы пирамидасы қызметін тоқтатты
freepik

Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті 180-нен астам адамды алдап соққан "Boxy Wealth" қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты. Қаржы пирамиданың ұйымдастырушысы 2 ай мерзімге қамауға алынды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қазіргі уақытта 230 млн теңге көлемінде залал келтірілген 180-нен астам азамат жәбірленуші деп танылған.

"Ұйымдастырушылар өздерін инвестициялық компания ретінде таныстырып, салымшыларға жарнамалық материалдарды қарау арқылы жоғары табыс табуды ұсынған. Олар күн сайын 5%-дан 10%-ға дейін, яғни айына 150%-дан астам және жылына 1800%-дан жоғары кіріс табатынына уәде еткен. Сондай-ақ, рефералдық сілтемелер арқылы жаңа қатысушыларды тартқан жағдайда 10% көлемінде дивиденд төлеу қарастырылған. Салымшылардың ақшалай қаражаттары дропперлердің атына рәсімделген банк карталарына қабылданып, кейін жасыру мақсатында пайдаланылған криптовалюта әмияндарына аударылған", делінген ҚМА хабарламасында.

Қаржы пирамиданың ұйымдастырушысы 2 ай мерзімге қамауға алынды.

Тергеу жалғасуда.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Бұған дейін ТМД аумағындағы ең ірі криптосервистің қызметі тоқтатылғанын жазғанбыз.