ТМД аумағындағы ең ірі криптосервистің қызметі тоқтатылды

Сағыныш Сардарова 29 қыр. 2025 15:25

ТМД аумағындағы ең ірі криптосервистің қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Блокчейн арқылы криптотранзакцияларды бақылау барысында интернет алаяқтық пен есірткі саудасынан түскен кірісті жылыстатуға кәсіби қызмет көрсеткен RAKS exchange атты криптоайырбастау сервисі анықталған. Бұл сервис қылмыстық ортада жоғары беделге ие болған және 5 млн астам қолданушысы бар 20 ірі Darknet нарығымен жұмыс істеген.

"Соңғы үш жыл ішінде бұл криптосервис арқылы ТМД елдеріндегі, соның ішінде Қазақстан, Ресей, Украина және Молдовада 200-ден аса есірткі дүкенінің заңсыз кірісі ақталған. Криптоайырбастау платформасының жалпы айналымы 224 млн АҚШ долларынан асқан. Тергеу барысында 4 000-нан аса криптовалюта әмияны зерттеліп, қылмыстық кіріс сақталған әмияндар анықталды", - деп жазылған хабарламада.

Нәтижесінде сервиске тиесілі 67 криптоәмиян бұғатталған. Жалпы сомасы 9,7 млн USDT (5,2 млрд теңге) болатын цифрлық активтер уақытша тоқтатылған. Бүгінгі күні сервис толықтай өз қызметін тоқтатқан.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар