Алматы облысында орналасқан «Нарынқол» шекара заставасында өрт шығып, салдарынан әскери қызметші мен оның баласы қаза тапты. Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Dalanews.kz
Ведомство мәліметінше, оқиға 6 желтоқсанда қызметтік үйде болған. Өртті ТЖД қызметкерлері толығымен сөндірген.
«Төтенше жағдай нәтижесінде әскери қызметші мен оның баласы көз жұмды», – делінген ресми хабарламада.
Қазір аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Шекара қызметі қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қайғыға ортақтасып көңіл білдіреді. Оларға барлық қажетті көмек көрсетілуде.
