Freedom Inside '26

Маңғыстауда ірі есірткі дүкені әшкереленді

Маңғыстауда ірі есірткі дүкені әшкереленді
gov.kz

Қазақстанның Бас прокуроры Берік Асылов есірткі қылмысымен күрес нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оның айтуынша, Маңғыстауда "Dune-Operator 24/7" есірткі дүкені қызметі тоқтатылды.

"Есірткі кәсібінен түскен қолма-қол ақшаны банкке тапсыру кезінде арнайы прокурор мен облыстық ЭҚБ және ІІД қызметкерлері Шымкентке шығып, 1 млрд 155 млн теңге және 176 мың АҚШ доллары тәркіленді", – деді Асылов.

Сонымен қатар сот шешімі бойынша есірткі кәсібінен түскен 1 млрд теңге жеке кәсіпкердің банк шотында және 734 228 АҚШ доллары (USDT) көлеміндегі криптовалюта қаражаты бұғатталды.