Алаяқтықпен күресудің жаңа әдістері енгізілді

Dalanews 21 ақп. 2024 11:48 3890

 

Мемлекеттік корпорация мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы үздіксіз күрес жүргізуде, деп хабарлайды Dalanews.kz сайты.

Жүргізуші куәліктеріне теориялық емтихандарды тапсырудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін бұған дейін 3.0 ЖЖЕ жүйесі енгізілген болатын. Енді тестілеу процесін шулы электромагниттік жиілігі төмен сигналдарды анықтайтын технологияның көмегімен де бақылауға болады.

Айта кетейік, әрбір үшінші жүргізуші куәлігін алуға үміткер айласын асырып, теорияны микроқұлаққаппен тапсыруға тырысады. Бұл олқылықты болдырмау үшін Мемлекеттік корпорация оларды анықтайтын арнайы детекторлар енгізді.

 - Микроқұлаққаптардың диаметрі 2 миллиметрден аспауы мүмкін, оларды көру мүмкін емес болғандықтан біз жиілігі төмен  сигналдарды анықтайтын жүйе енгіздік. Ол микроқұлаққаптардың бар-жоғын бірден анықтап,  ХҚКО операторына дереу хабарлауға қауқарлы. Сондай-ақ, бағдарлама автоматты түрде экранға микро құлаққап табылғаны және тестілеу тоқтатылатыны туралы хабарламаны шығарады, - деді «Азаматтарға арналған үкімет» Басқарма төрағасының орынбасары Шыңғыс Оразалимов.

Естеріңізге сала кетейік, көмекші техниканы, үшінші тұлғалардың көмегі мен кеңестерін пайдаланудың барлық фактілерін Мемлекеттік корпорация тіркейді. Бұл ретте емтихан нәтижелері жойылады. Емтиханға қайта кіру үш айдан кейін ғана мүмкін болады. Айта кетейік, ЖЖЕ 3.0 жүйесі енгізілген сәттен бастап бүгінгі күнге дейін емтиханды түрлі айла-шарғымен тапсырудың 222 фактісі анықталды.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар