Алматыда әл-Фараби даңғылындағы көпірден құлаған ер адам қаза тапты
Сағыныш Сардарова
gov.kz
Алматының Бостандық ауданында қайғылы оқиға болды. Тұңғыш президент саябағына қарсы орналасқан көпірден құлаған ер адам көз жұмды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұл оқиға туралы ақпарат алғашында әлеуметтік желілерде тарады. Куәгерлер әл-Фараби даңғылы мен Навои көшесінің қиылысындағы көпірден адам құлағанын айтқан.
Алматы қалалық Полиция департаменті ер адам қаза тапқанын растады. Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы - "Өзін-өзі өлтіруге жеткізу" бойынша іс қозғалған.
Қазір оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.