Арнайы операция: Талдықорғанда 62 жастағы әйел ұсталды

Сағыныш Сардарова 20 нау. 2026 14:15

Талдықорғанда арнайы операция кезінде 62 жастағы әйел ұсталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Операция барысында Еркін ауылында есірткіні заңсыз сақтады және сатты деген күдікпен Талдықорған қаласының 62 жастағы тұрғыны ұсталған.

Тінту кезінде оның тұрғылықты мекенжайынан жасыл түсті, өзіне тән иісі бар өсімдік тектес зат салынған алты полиэтилен пакет анықталған.

"Сонымен қатар, үй ауласындағы сарайдан скотчпен оралған үлкен қара пакет табылды. Оның ішінде жалпы салмағы 5 келіден асатын, өзіне тән иісі бар гашиш (алдын ала болжам бойынша - еск.) анықталды. Қазір бұл дерек бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдіктіге сот шешімімен денсаулық жағдайына байланысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды", - деді ІІМ өкілі.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove