Парламент Палаталарының бірлескен отырысында «Алатау қаласының арнаулы мәртебесі туралы» заң жобасын қарайтын комиссия құрамы бекітілді, деп хабарлайды Dala News.
Комиссия құрамына Мәжіліс депутаттары Нұртай Сабильянов, Берік Бейсенғалиев, Абзал Құспан, сондай-ақ Сенат депутаттары Серік Шайдаров, Евгений Больгерт және Бекболат Орынбеков кірді.
Комиссия төрағасы болып Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Нұртай Сабильянов сайланды.
Комиссия заң жобасын одан әрі талқылап, екінші оқылымға дайындайды.
