Дәстүр, шоу, технология: Алматыда Наурыз қалай тойланады?

Дәстүр, шоу, технология: Алматыда Наурыз қалай тойланады?
Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда биыл Наурыз мейрамы ерекше ауқымда атап өтілуде. 14 наурыздан басталған «Наурызнама» тұжырымдамасы аясында қала бойынша 200-ден астам мәдени іс-шара ұйымдастырылған. Ал негізгі мерекелік күндер – 21-23 наурыз аралығында алматылықтар мен қала қонақтарын концерттер, көрмелер, театрландырылған қойылымдар мен ұлттық дәстүрлерге негізделген жарқын бағдарламалар күтеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Негізгі мерекелік алаңдар

Мерекенің басты орталықтары:

  • Астана алаңы

  • Абай алаңы

  • Панфилов көшесі

  • Жібек жолы жаяу жүргіншілер аймағы

Сонымен қатар қаладағы барлық аудандарда да мерекелік іс-шаралар өтеді.

Аудандардағы мерекелік бағдарламалар

21 наурыз күні әр аудан өз алаңында тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлайды:

  • Алатау ауданы – Almaty Arena

  • Алмалы ауданы – Ганди саябағы

  • Әуезов ауданы – Сайран көлінің батыс жағалауы

  • Бостандық ауданы – Тұңғыш Президент саябағы (21–22 наурыз)

  • Жетісу ауданы – Алматы ипподромы

  • Медеу ауданы – Пушкин көшесі

  • Түрксіб ауданы – Сейфуллин саябағы

  • Наурызбай ауданы – №221 мектеп аумағы

21 наурыз: мерекенің шарықтау сәті

Сағат 11:00-ден 22:00-ге дейін Астана алаңы ұлттық мәдениет пен заманауи өнер тоғысқан үлкен сахнаға айналады.

Қонақтарды:

  • гала-концерт

  • театрландырылған қойылымдар

  • интерактивті аймақтар

  • тақырыптық көрмелер күтеді

Сахнада танымал өнер жұлдыздары мен шығармашылық ұжымдар өнер көрсетеді. Кештің арнайы қонағы – әзірбайжандық әнші Роза Зергерли.

6 ерекше киіз үй

Алаңда ұлттық және заманауи мазмұндағы 6 тақырыптық киіз үй тігіледі:

  • «Ұлы дала әуені» – музыкалық мұра

  • Робо-киіз үй – технологиялар әлемі

  • Digital 360 – виртуалды саяхат

  • «Сақ мұрасы» – археологиялық көрме

  • «Дәстүр коды» – этно-дизайн

  • «Мұра» – поэзия және театр

Абай алаңы – мәдени орталық

Абай алаңында күні бойы концерттер, көрмелер, фестивальдер мен спорттық ойындар өтеді.

Сонымен қатар Түркі әлемі елдерінің көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылып, шетелдік және отандық қолөнер туындылары ұсынылады.

Панфилов пен Жібек жолы – заманауи формат

Бұл аймақта:

  • Robo DJ шоу

  • этно-концерттер

  • жарық шоулары

  • караоке алаңдары

  • LED-туннель

  • ашық аспан астындағы көрмелер өтеді

Сондай-ақ, 21-22 наурыз күндері «КітапFest-2026» фестивалі ұйымдастырылады.

22 наурыз: концерттер мен халықтық серуен

22 наурыз күні мереке жалғасын табады.

Астана алаңы:

  • концерттер

  • көрмелер

  • көпшілік серуен

Абай алаңы:

  • танымал әншілердің қатысуымен концерт

Панфилов көшесі:

  • дәстүрлі музыка

  • қуыршақ театры

  • жарық шоулары

23 наурыз: мерекенің қорытынды күні

Соңғы күні Астана алаңында концерттер, Абай алаңында үлкен мәдени бағдарлама, ал Панфилов көшесінде шоу-бағдарламалар өтеді.

Бұл күні де эстрада жұлдыздары өнер көрсетіп, мерекелік көңіл-күй жалғасады.

Қосымша іс-шаралар

  • «Наурыз шоу» циркі (21–25 наурыз, «Алатау» театры аумағында)

  • Метро станцияларындағы фотокөрмелер

  • «Ұлы даланың ғажайыптары» этно-көрмесі

Маңызды ақпарат

Мерекелік іс-шараларға байланысты:

  • 20–21 наурыз күндері Омаров көшесінде қозғалыс уақытша шектеледі

Қала тұрғындарына маршруттарын алдын ала жоспарлау ұсынылады.

Биыл Алматыдағы Наурыз – дәстүр мен заманауи мәдениетті ұштастырған, ауқымы кең, мазмұны бай мереке болмақ. Қала бірнеше күн бойы үлкен мәдени алаңға айналып, әрбір тұрғын мен қонаққа ұлттық рухты сезінуге мүмкіндік береді.