Қазақстанда түрмеде жазасын өтеушілерді асырауға тәулігіне 2261 теңгеден бөлінеді, - деп хабарлайды Dalanews.kz "Ұлысмедиаға" сілтеп.
"Құтқару" қоғамдық қорының мәліметінше, Қазақстанда барлығы сотталып түрмеде отырғандар, уақытша қамау изоляторындағылар саны 34-тен 38 мың адам аралығында.
Қор оларды ұстауға жылына 28 млрд теңге жұмсайды деп есептеп шығарған. Бұл ретте жазаны орындау жүйесінің өзі 6-дан 20 миллиард теңгеге дейінгі мөлшерде қаржыландырылмаған.
Түрме тұрғындарын 10 пайыз қысқартуға және мемлекеттік бюджетке қаражат бөлуге бағытталған жобаны жүзеге асыру ұсынылып отыр.
Алдын ала есептеулер бойынша бұл жылына шамамен 2,8 миллиард теңгені үнемдеуге мүмкіндік береді.