«Росатомның» техникалық академиясында Өзбекстаннан келген мамандардың алғашқы тағылымдамасы өтті

Dalanews 20 нау. 2026 16:54

«Росатомның» техникалық академиясында Өзбекстаннан келген мамандардың екі апталық тағылымдамасы өтті. Ол «Росатом» мемлекеттік корпорациясы мен «Узатом» агенттігі арасындағы уағдаластықтарға сәйкес ұйымдастырылды. Бағдарламаның негізгі міндеті бірінші өзбек атом электр стансасының қызметкерлерін оқытудың кешенді жүйесін құру үшін тәжірибе беру болды. Тағылымдама бағдарламасы қызметкерлерді оқытудың интеграцияланған тәсіліне, қазіргі заманғы оқу-жаттығу орталықтарын жобалау, жабдықтау және жұмыс істеу әдіснамасын зерделеуге бағытталған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Тағылымдамадан өтушілерді кәсіпорынның бірегей өндірістік базасымен таныстырды: жөндеу дағдыларын пысықтауға арналған тренажерлар мен макеттер және АЭС жедел персоналын даярлауға арналған толыққанды тренажерлер, тәжірибелік дайындық орталығындағы сабақтар атом стансасы жабдықтарының жұмысы туралы нақты түсінік берді.  Тек сызба нұсқалармен ғана емес, сонымен қатар нақты істегі жұмыстар көрсетіліп, абстрактілі білімді инженерлік тәжірибеге айналдырды.

«Росатомның» техникалық академиясында теориялық оқыту үлкен жаттығу базасында өткізілетін тәжірибемен біріктірілген. Алынған білім біз үшін өте пайдалы. Біздің алдымызда үлкен көлемдегі жауапты жұмыс күтіп тұр. Білікті мамандар қажет болады. Техникалық академияның Нововоронеж филиалы біздің кадрларды даярлау үшін тамаша бастапқы алаң болады», - деді Өзбекстандағы АЭС құрылысы дирекциясының техникалық бөлімінің бас маманы Дилмуратов Феруз Дилмуротугли.

Тағылымдамадан өтушілер техникалық академияның Нововоронеж алаңында орнатылған нақты жабдықтармен жұмыс жасай отырып, процестің физикасын динамикада байқап көру, ең бастысы жоғары кернеу мен қысымның болмауы кәсіби дағдылары жоқ адамның қауіпсіздігі үшін өте маңызды.

«Өзбекстанда АЭС үшін кадрлар даярлаудың өз тәжірибесі әлі жоқ. Ресейде институт түлегіненбастап дайын маманға дейінгі білім беру жүйесі құрылды. Сондықтан біз техникалық академияға бәрін егжей-тегжейлі оқуға келдік. УТО құрылысына қойылатын талаптарды зерделеп, қызметкерлерді даярлау әдістемелерімен, жаттығу базасымен танысты. Біз «Росатоммен» ынтымақтастықты жалғастыруға ниеттіміз», - деп атап өтті Өзбекстандағы АЭС құрылысы дирекциясының өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі бас маманы Джабборов Бехрузжон Джафар угли.

Бағдарламаның соңғы кезеңі Нововоронеж атом электр стансасына сапар болды. Тағылымдамадан өтушілерге зерттелген материалды қолданыстағыатом стансасы жағдайында тәжірибелік қолдану көрсетілді. Делегация инновациялық энергоблоктарды пайдалану процесінің қалай жүріп жатқанын көре алды.

Анықтама: 2024 жылы «Росатом» мемлекеттік корпорациясы мен Өзбекстан Республикасының Министрлер кабинеті жанындағы атом энергиясы Агенттігі Ресей жобасы бойынша Өзбекстанда қуаты аз атом стансасын салуға әлемдегі алғашқы экспорттық келісімшартқа қол қойды. 2025 жылы тараптар қол қойған жобаны іске асырудың негізгі шарттары туралы қосымша келісімде ВВЭР-1000 буын 3+ базасында қуаттылығы жоғары екі энергия блогын және әрқайсысының қуаттылығы 55 МВт РИТМ-200н реакторлары бар екі энергия блогын салу көзделеді.

2022 жылы «Росэнергоатом концерні» АҚ, «Росатомның» техникалық Академиясы және «Узатом» агенттігі Өзбекстанның Ұлттық ядролық инфрақұрылымын дамытуға, сондай-ақ ядролық технологиялар және оларды қолдану туралы көпшіліктің ақпараттануын арттыруға бағытталған өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды. Құжат шеңберінде Өзбекстан мамандары «Росатомның» техникалық Академиясы атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікпен бірлесіп ұйымдастырған ағарту және оқыту іс-шараларына қатысады.

«Росатом техникалық академиясы» ҚКБ АКҰ — «Росатом» мемлекеттік корпорациясының білім беру, ғылыми-әдістемелік орталығы. Ұйым қосымша кәсіптік білім беруге және атом энергетикасы мен өнеркәсіп басшылары мен мамандарын кәсіптік қайта даярлауға, сондай-ақ қызметкерлерді аттестаттауға маманданған.

Ресей барлық мүдделі елдермен ынтымақтастықты белсенді дамытуда. Ірі халықаралық жобаларды іске асыру жалғасуда. «Росатом» және оның бөлімшелері бұл жұмысқа белсенді қатысады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove