AERS 2025 жылдың соңындағы инфляция көлеміне қатысты алдыңғы болжамда жарияланған 12,1% көрсеткішін өзгеріссіз қалдырды. 2024 жылдың соңында бұл көрсеткіш 8,6%-ды құраған болатын, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Ішкі және сыртқы факторларда айтарлықтай өзгерістердің болмауын негізге ала отырып, AERC мамырдағы талдауында 2025 жылдың соңындағы инфляция көлеміне қатысты болжамын өзгеріссіз қалдырды.
"Мамырдан бастап шілде айы бойында айлық инфляция 0,9% құрайды деп күтіледі, ал жылдық инфляция шілдеде 12,1% - ға жетіп, өсу үрдісін жалғастырады", - дейді қаржы инстиуты сарапшылары. Олардың пікірінше, бұған ішкімен қатар сыртқы бірқатар экономикалық факторлар әсер етуде.
Атап айтқанда, Ресейдегі инфляцияның жоғары деңгейі, әлемдік нарықта азық-түліктердің қымбаттауы, рубльдің нығаюы, АҚШ сауда саясатындағы дүдамалдылықтың әлі де сақталуы түрткі.
"Сәуірде айлық инфляция 1,3% болды (наурыз айында - 1,2%). Осы жағынан алғанда, ай сайынғы инфляцияның баяулауы екінші ай қатарынан байқалады, бірақ бұл көрсеткіш жоғары деңгейін сақтауда. Жылдық инфляция сәуір айында 10,7% деңгейінде қалыптасты, AERC болжамына дөп келді. Сонымен қатар, 2025 жылғы қаңтар-сәуірдегі орташа инфляция 9,7% құрады. Инфляцияның үдеуі жыл басынан басталды. Жылдық сипатта тұрақты өсім бар, тек жалпылама емес, сонымен қатар негізгі және маусымдық таза инфляцияны қоса алғанда. Бұл алаңдатарлық динамика маусымдық ауытқулармен байланысты емес инфляциялық қысымның жалғасып келе жатқанын көрсетеді", делінген AERS болжамында.
Бұған дейін сайтымызда "Доллар бағамы қайта күш алуы мүмкін". BCC Invest өз болжамын қайта жаңартты" деген мақала жарияланған болатын.