2026 жылдың алғашқы бес айында халықаралық ақша аудару жүйелері арқылы Қазақстаннан шетелге 237,9 млрд теңге жіберіліп, елге 78,1 млрд теңге түскен. Осылайша таза ақша әкету көлемі 159,8 млрд теңге болған, деп хабарлайды dalanews.kz.
Дереккөз мәліметіне сүйенсек, ақша Золотая корона, Western Union, MoneyGram, UPT және басқа да халықаралық аударым жүйелері арқылы жөнелтілген.
Шетелге жіберілген қаражат көлемі:
- Қаңтар - 37,9 млрд теңге;
- Ақпан - 42,2 млрд теңге;
- Наурыз - 49,4 млрд теңге;
- Сәуір - 54,9 млрд теңге;
- Мамыр - 53,5 млрд теңге.
Қазақстанға түскен қаражат көлемі:
- Қаңтар - 15,4 млрд теңге;
- Ақпан - 15,4 млрд теңге;
- Наурыз - 16,0 млрд теңге;
- Сәуір - 16,2 млрд теңге;
- Мамыр - 15,1 млрд теңге.