Freedom Inside '26

“ҚазМұнайгаз” басшылығы 2025 жылы 519 млн теңге сыйақы алған

“ҚазМұнайгаз” басшылығы 2025 жылы 519 млн теңге сыйақы алған
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

"ҚазМұнайГаз" компаниясының мәліметінше, 2025 жылдың қорытындысы бойынша басқарма мүшелеріне төленген жалпы сыйақы көлемі 519 091 079 теңгені құраған, деп хабарлайды dalanews.kz.

"За нами уже выехали" телеграм арнасының мәләметінше, қазіргі таңда компанияның ресми сайтында басқарма құрамында 9 адам көрсетілген. Оның ішінде басқарма төрағасы Асхат Хасенов және оның 8 орынбасары бар.

Егер жарияланған 519,1 млн теңге басқарманың 9 мүшесіне тең бөлінді деп есептесек, әрқайсысына жылына салыққа дейін шамамен 57,7 млн теңгеден келеді. Алайда бұл тек шартты есеп. Нақты төлем мөлшері басқарма мүшелерінің лауазымы мен еңбекақы жүйесіне байланысты әртүрлі болуы мүмкін.