"Доллар бағамы қайта күш алуы мүмкін". BCC Invest өз болжамын қайта жаңартты

Кәмшат Тілеухан 27 мам. 2025 09:15

BCC Invest макроэкономикалық болжаммен бөлісті. Қаржы институты мамыр айына арналған болжамдарын ақша айырбас бөлігіне қатысты қайта қарастырып, жаңартқандарын айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Бұған дейін, 2025 жылғы 7 сәуірде біз 2025 жылғы сәуірде ұлттық валютаға шаққанда 1 АҚШ долларының орташа бағамы 514,4 теңге деңгейінде қалыптасады деп болжадық. Расында, 2025 жылдың сәуір айының қорытындысы бойынша 1 АҚШ долларының нақты орташа айырбас бағамы 514,5 теңге деңгейінде қалыптасты. Сыртқы экономикалық жағдайлар жоғары құбылмалылыққа ұшырағандықтан, біз 2025 жылға арналған айырбас бағамы бойынша болжамды қайта жаңарттық. Жаңартылған болжамға сәйкес, Brent маркалы мұнай бағасының төмен болуына байланысты алда ұлттық валютаның біртіндеп әлсіреуі жалғасады деп күтіледі. Жыл соңына қарай ұлттық валютаға шаққандағы 1 АҚШ долларының орташа бағамы 546,5 теңге деңгейіне жетеді деп күтіледі", делінген қаржы институты ұсынған талдауда.

Төменде BCC Invest-тің ақша бағамына қатысты жаңартылған кестесі ұсынылған:

Сценарилер 25 қаңтар 25 ақпан 25 наурыз 25 сауір 25 мамыр
I Оптимистік 517,8 516,8 515,5 480,4 492,6
II Базалық 521,4 522,4 523,8 497,4 509,7
III Пессимистік 525,1 528,1 532,1 514,4 526,7
IV Айырбас бағамы 524,9 506,2 499,4 514,5 512,6
V Ауытқу/% -0,05 -2,0 -3 0,01 0,6

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар