Қазақстанда бірыңғай QR код жүйесін іске қосу жоспарланып отыр. Оны кезең-кезеңімен енгізу 7 шілдеден басталады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Алматыда екінші деңгейлі банктердің және Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының басшыларымен кездесу өткізді.
Кездесуде банктердің банкаралық мобильді төлем жүйесіне қосылу барысы, сондай-ақ, мобильді аударымдар мен QR арқылы төлем жасау сервистерін енгізудің келесі кезеңдері талқыланды.
"7 шілдеден бастап бірыңғай QR кодты кезең-кезеңімен енгізуді, ал 2026 жылғы 19 шілдеде оны толық іске қосуды бастау туралы шешім қабылданды", - делінген Ұлттық банк хабарламасында.
Осылайша, 19 шілдеден бастап қазақстандықтар өз банкінің қосымшасы арқылы сатушыда қай банктің QR коды тұрғанына қарамастан төлем жасай алады.