Оралда 88 млн теңгеден аса қайырымдылық қаржысын жымқырды деген күдікті ұсталды

Оралда 88 млн теңгеден аса қайырымдылық қаржысын жымқырды деген күдікті ұсталды
ІІМ

Орал қаласында халықаралық іздеуде жүрген күдікті қолға түсті. Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру іс-шаралары барысында ол жасырынған жерінен ұсталды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Тергеу мәліметінше, күдікті алдау және сенімге қиянат жасау арқылы қайырымдылыққа жиналған 88 миллион теңгеден аса қаржыны заңсыз иемденген. Ол 2025 жылғы ақпаннан бері халықаралық іздеуде болған.

Ұстау кезінде ер адам полициядан бой тасаламақ болып, шкафтың ішіне жасырынған. Алайда тәртіп сақшылары оның жасырынған орнын анықтап, күдіктіні қолға түсірді.

Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі, яғни аса ірі мөлшерде алаяқтық жасау дерегі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.