Мұстафа Шоқайды бұрынғы әкім «шайтанға» теңесе, қазрігі әкім ұлықтап жатыр

Dalanews 24 желт. 2021 03:04 311

Шерағаң айтпақшы, өмір деген «бір кем  дүние ғой». Естеріңізде болар, осыдан осыдан біршама уақыт бұрын Ақтөбе қаласының әкімі болған Ілияс Испанов Мұстафа Шоқайды танымай, «шайтанға» теңеп жұрттың наразылығын туғызған еді. Енді Ақтөбе қаласының қазіргі әкімі Асхат Шахаров ұлт қайраткерінің сөзі мен фотосы бейнеленген бильбордты көшегі ілгізіп, ұлықтауда.    

Ақтөбенің экс-әкімі Ілияс Испанов деген шенді Мұстафа Шоқайдың бейнесіне жаңа үйдің қасбетіне салған құрылыс коппаниясының іс-әрекетін қолдамай, өшіртіп тастағанын халық ұмыта қойған жоқ. Тіпті, әлгі Испановаыңыз Шоқайдың суретін өшірткенімен қоймай, ұлт үшін басын бәйгеге тіккен Шоқайды шайтанға теңегенде естен тана жаздаған едік.



Енді Ақтөбеге Асхат Шахаров деген жөн білетін әкім келіп, Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Мұстафа Шоқайдың суреті мен «Ұлттық рухсыз – ұл тәуелсіздігі болмайды»  деген сөзін бильбордқа жазғызып көшеге ілгізіпті.

Бұдан былай облыс пен қалаларға қазақ мемлекеттігін үшін қасық қаны қалғанша күрескен арыстарды білетін, қадірлейтін әкімдер келсін деп тілейік, ағайын!

https://www.youtube.com/watch?v=MpX9vvfDgLs&ab_channel=%D0%98%D0%BD%D1%84%D0%BE%D1%80%D0%BC%D0%B1%D1%8E%D1%80%D0%BE31

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x