Көпбалалы отбасы көлікті болды

Dalanews 04 мау. 2020 08:49 314

#KustoHelp қайырымдылық жобасының аясында Жамбыл ауданындағы көп балалы отбасы  темір тұлпар тізгіндеді. Мұндай бағалы сыйлықты отбасы халықаралық балаларды қорғау күні ие болды.

Кәрібаевтар отбасы Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылының тұрғындары. Бұл

жанұя да 9 әртүрлі ұлт өкілдерінің балалары тәрбиелеп отыр. Олардың 7-еуі бұрындары балалар үйін мекен еткен жеткіншектер.

Отағасы – мал дәрігері, ал аналары – журналист, медиа-ерікті. Аталған отбасыны облыста көбісі таниды.

Кәрібаевтар жанұясы «Мерейлі отбасы – 2018» байқауында жеңіске жетіп,


республика бойынша ең үздік 16 отбасының қатарына енген болатын.

Үздіктердің қатарынан көрініп жүрген отбасының арманы көлік алу еді. Отбасының қалауларын  «Kusto Group» компаниясы орындап, көңілдерін марқайтып тастады.

Айта кету керек, бұл #KustoHelp жобасының аясында атқарылған ізгі істің бір бөлігі ғана. Бұған дейін аталмыш компания еліміздегі  көптеген мұқтаж отбасыларға көмек қолын созған болатын. Сондай-ақ, еліміздің медициналық ұйымдарын қорғаныш құралдарымен, медициналық маскалармен және бактерицидті шамдармен қамтамасыз еткен еді.

Анар САБЫРОВА, Алматы облысы.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x