Қос облыстың аумағында орналасқан дертке дауа, емге шипа көлдің туристік нысандары бір күнде қатар жұмысын бастауды жоспарлауда. Аталған аймақта демалушылардың тез жетуіне ығай жасау мақсатында Үшарал қаласына Елордасы Нұр-Сұлтан мен Алматы, Талдықорған қалаларынан әуе кемесі қатынайтын болады.
– Алдағы уақытта күніне 5-6 рет ұшақ Талдықорғаннан Үшаралға қарай көкке көтеріледі. Алматы қаласынан Ақшиге дейін 20-дан астам вагон туристерді діттеген жеріне жеткізеді, – деді өңір басшысы Амандық Баталов.
Бүгінде әлеуеті артқан айдынды мекенге келушілер саны артып келеді. Мәселен, 5 жылдыққа көз жүгіртсек, 400 мыңға жуық адам демалысын дәл осы көл жағасында өткізген.
Анар САБЫРОВА, Алматы облысы.