Жетісай ауданы жасыл желекке оранды

Dalanews 20 желт. 2018 08:16 388

Түркістан облысындағы 2017-2021 жылдарға арналған «Шатқал» іс-шара жоспарын іске асыру мақсатында Жетісай ауданының аумағындағы елді мекендерді 2018 жылдың күз мезгілінде көгалдандыру бойынша бірқатар жұмыстар атқырылды.

Бұл ретте Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты «Жасыл Желек» мемлекеттік мекемесі 10200 дана (Айленд – 1000, Катальпа – 2550, Ясень (шаған) – 550, Клен (үйеңкі) – 2550, Дуб (емен) – 1000, Вяз (қараағаш) – 2550) түрлі деңгейде көшеттер алынып, Қазыбек би, Ділдәбеков, Ынтымақ маңындағы республикалық маңызы бар жол бойына отырғызылуда. Егілген көшеттердің жер көлемі 22,2 гектарды  құрайды.

2018 жылы ауданға кіреберіс республикалық маңызы бар автомобиль жолының бойын яғни, Ш. Дәлдабеков, Асықата кенті аралығындағы 1,7 шақырымды құрайтын шарбақпен қоршау жұмыстарына аудандық бюджеттен 27 млн. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, Жетісай ауданын көгалдандыру, көріктендіру, абаттандыру, безендіру жұмыстарына эскиздік жоба жасалынып, Жетісай қаласының С.Қожанов көшесінің эскиздік жобасы мен Жетісай ауданына кіреберісіне Жетісай ауданының белгісі орнатылды. Және Ш.Ділдәбеков ауылдық округі, Сырабад елді мекеніндегі абаттандыру жұмыстарына нобайлық жоба әзірленіп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Жетісай ауданында 113 елдімекеннің 106-сы  орталықтандырылған электр желісіне қосылған, қалған 7 елді мекен  (Орысқұдық, Серікбай, Жорабек, Пірәлі, Жібекші, Қалпақсай, Батырхан) экономикалық тиімсіз шалғайда орналасқан.

Аудан бойынша электр желілерінің ұзындығы  1297,68 шақырымды құрайды.   2019 жылы аудан аумағындағы жаңадан түскен көшелерді талапқа сай электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында жалпы сметалық құны 554 274,0 мың теңгені құрайтын 4 әкімшілік бірліктердегі (Қарақай, Қазыбек би, Қызылқұм, Атамекен) жаңадан түскен көшелерге электр желілерін жүргізу және КТП орнату құрылысын жүргізу жоспарлануда.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x