2019 жылы 6 елдімекенге (Жылысу, Мырзашоққы, Баққоныс, Байқоныс, Әль-Фараби, Өркенді) ауыз су тарту жұмыстары жоспарланып отыр. Ол үшін биыл 60 млн. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары басталды. Сондай-ақ, 3 елдімекен (Мақталы, Жамбыл, Жетісай қаласы) жоба-сметалық құжаттамалары әзірленуде.
Жетісай ауданында бүгінгі таңға 113 елдімекеннің 46-сы табиғи газбен қамтылған. Ал қалған 7 елдімекен (Орысқұдық, Серікбай, Жорабек, Пірәлі, Жібекші, Қалпақсай, Батырхан) шалғайда орналасқан. Яғни, газбен қамту көрсеткіші аудандағы елдімекендердің жалпы санының 43,3 пайызын құрайды.
2018 жылы аудан елдімекендерін газдандыру мақсатында 5 нысанның (4 елді мекен (Ж.Ералиев а/о 3 е/м, Абай а/о 1 е/м), 1 жеткізуші газ құбыры) құрылысына облыстық бюджеттен 674,9 млн.теңге қаралып, қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жалғасуда. Осының нәтижесінде 4 елді мекеннің (Ж.Ералиев а/о 3 е/м, Абай а/о 1 е/м), құрылысы жыл соңына дейін аяқталады.
2019 жылы жалпы сметалық құны 1 млрд 393 млн теңгені құрайтын 7 елді мекенді (Жылы су а/о 3 е/м,Ш.Ділдәбеков а/о 1 е/м, Ж.Ералиев а/о 1 е/м, Абай а/о 2 е/м) табиғи газбен қамтамасыз ету үшін құрылыс жұмыстары жоспарланып отыр. Аталған жобалар толық жүзеге асқан жағдайда ауданымыздағы газбен қамтылған елдімекендер саны 57-ге жететін болады.