Сондай-ақ, жалпы ұзындығы 22 шақырымдық 24 ішкі көше орта жөндеуден өткізілді. Оған 262 млн теңге жергілікті бюджеттен бөлініп, қазіргі таңда жол жөндеу жұмыстары толығымен аяқталған. Сонымен қатар, облыстық бюджеттен бөлінген қаржыға Шардара мен Жетісай аудандарын қосатын жалпы ұзындығы 1,84 шақырымды құрайтын автомобиль жолына қайта құру жұмыстары жүргізілді. Бұл нысанның сметалық құны 240 млн 931 мың теңгені құрайды. Қазіргі таңда мұндағы қайта құру жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.
Жалпы, 2018 жылы аудандық маңызы бар және ішкі көшелердің қайта құру, күрделі және орта жөндеу жұмыстарына 731 млн 036 мың теңге бөлініп, аудан бойынша 28 шақырым жолдар жақсы жағдайға жетті.
Биылғы жылы республикалық маңызы бар «Жызақ-Гагарин-Жетісай-Қызыләскер-Сарыағаш-Жібек жолы» автомобиль жолында 2 көпір күрделі жөндеуден өтті. Бұл мақсатқа 255 млн 681 мың теңге жұмсалды. Тағыдай айта түссек, Жетісай қаласындағы базар маңынан 130 млн 867 мың теңгеге жер үсті жаяу жүргінші аспа көпірі орнатылып, ел игілігіне берілді.