Жетісайда 100 пәтерлі 10 тұрғын үй салынады

Dalanews 20 желт. 2018 11:04 247

Жетісай ауданында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында және Елбасының бес әлеуметтік бастамасын іске асыру мақсатында ауданымызда ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанын аудан әкімі Жамантай Бейсенбаев Түркістан қаласында өткен брифингте мәлім етті.

Елбасының бірінші бастамасында әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру, яғни берілетін несиелердің өзіне жеңілдік жасай отырып, халықтың баспаналы болуына жағдай жасауды жүзеге асыру тұрғын үй құрылысына зор серпін берегені анық. Аталған бастаманы іске асыру мақсатында Жетісай қаласын ұлғайтуға бөлінген 80 гектар жер теліміне 5 қабатты 100 пәтерлі 10 тұрғын үй құрылысына жобалау сметалық құжаттама әзірленіп, құрлыс монтаж жұмыстарын жүргізу үшін қаржы қарастыруға құжаттар топтамасы тиісті сала басқармаларға ұсынылыпты.

Бұдан бөлек, аудандағы округтерден 1 қабатты 12 тұрғын үй құрылысын салу үшін ЖСҚ әзірленіп,  құрлыс монтаж жұмыстарын жүргізу үшін қаржы қарастыруға құжаттар топтамасы тиісті сала басқармаларға жіберілгенін брифинг барсында сөз болды. Ойға алған жобалар толықтай іске асасса, алдағы жылы бірқатар жетісайлықтар қоныс тойын тойлайтын болады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x