Келер жылы Шардарада 700 гектар жерге тамшылатып суғару жүйесі енгізіледі

Dalanews 12 жел. 2018 04:10 932

Түркістан облысы Шардара ауданында инновациялық жүйелерді пайдаланатын шаруалардың қатары артып келеді.

Ауданның негізгі даму бағыты ауыл шаруашылығы болғандықтан, аймақта 64 мың гектар суармалы жер бар. Онда негізінен күріш, мақта және бақша дақылдары егіледі.

Мәселен, шаруашылық 300 гектар жерге мақта егіп, бірнеше жылдан бері тамшылатып суғару әдісін қолданады. Олар инновациялық жүйенің арқасында суды 3 есеге дейін үнемдеп, ал өнімділікті екі есеге ұлғайтқан. Мысалы, былтыр өзге диқандар мақта алқабының әр гектарынан 28 центнерден өнім алғанда, бұл шаруашылық 50 центнерге иек артты. Қарапайым шаруалар «мұндай жетістікке жаңа инновациялық технолияның арқасында қол жеткіздік», – дейді.

Бүгін де игілікті жүйенің көмегіне жүгінгендердің саны артып келеді.

Қайрат Жолдыбай, Шардара ауданы әкімінің орынбасары:

– Жаңа технологияны енгізу ауданда қолға алынып жатыр. Келер жылы ауданда 700 гектардан аса аумаққа тамшылатып суғару жүйесі енгізілетін болады. Бұл жүйелер өзінің пайдалы екенін көрсетіп, шаруалар жылдан жылға қызығып, көбейіп келе жатыр. Осы жылы мақтаның орташа бағасы 170 теңге болды. Алдағы жылы да сол деңгейде болады деп күтіп отырмыз.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар