Сайрам ауданының шаруалары бір мезетте 32-33 мың бас мал бордақылайды

Dalanews 12 қар. 2018 16:00 255

Бүгінде Сайрам ауданында ауыл шаруашылығы өрге басып келеді. қан өңірлердің бірі. Ауданда тәуелсіздік жылдары ауыл шаруашылығы саласы қаншалықты дамығанын білу үшін мына бір деректе анық аңғаруға болады.  1991 жылы ауданда өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдері 1 млрд. 244 млн. теңгені құраса, 2017 жылы бұл көрсеткіш 58 млрд. 800 млн. теңге жетті.  

Тәуелсіздік арайындағы жиырма алты жыл ішінде ауыл шаруашылығы бойынша өнімділік 46 есеге көтерілген. Ауданда ет, сүт өнімдерін өндіру мен астық егу кәсібі кең тыныс алған. Бірақ аудандағы жер көлемінің аздығы шаруалардың құлашын жазып жұмыс істеуіне біраз кедергі келтіріп отырғаны жасырын емес. Дегенмен, бейнетке бейім ауданның халқы мұны елең қылмай, қолда бар мүмкіндікті пайдаланып, тынымсыз тірлігін атқарып келеді.

Қазір ауданда ет өндіру ісі ілгері озып тр. Түркістан облысы мен оған іргелес жатқан аймақтардың дастархандағы еттің көбі Сайрам ауданында өндіріледі.

2017 жылы ауданда 26 мың тонна ет өндірілген. Биыл сайрамдық шаруалар ет өндіруді 27 мыңға тоннаға жеткізуді жоспарлап отыр.

Қазіргі таңда ауданда ет өндіру бойынша 913 мал бордақылау алаңы жұмыс істеуде. Ауданда мал бордақылау алаңдарында бір мезетте 32-33 мың бас мал бордақылайтын мүмкіндікке ие. Аудандық әкімдіктегі мал шаруашылығы жауапты мамандар алдағы жылы шаруалар ет өндіруді бес мың тоннаға дейін ұлғайтуды көздеп отырғанын алға тартты.

Қазіргі таңда аудандағы мал бордақылау алаңдарының 400-і елу басқа дейінгі өндіріс орындары, 400 бен 500-дің арасында 100 өндірістік орындарын құрайды. Атбұлақ пен Манкент елді мекенінде 2000-3000 бастық мал бордақылау алаңдары бар. Жуырда 10 мың бас мал бордақылауға лайықталған алаң өз жұмысын бастайды деп күтілуде.

Еліміз бойынша ең үлкен мал базары да Сайрам ауданында орналасқан. Сондықтан Сайрам ауданының еліміз бойынша ет экспортында елеулі орынға ие екенін атап айтуға болады.

 

Dalanews.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x