Алдағы жылдары Сайрамда ауыз су мен газдандыру ісі толықтай шешімін табады

Dalanews 13 жел. 2018 16:17 842

Қазір Сайрам ауданда 42 елді мекен бар болса, соның 41-де ауыз су құбырлары тартылған. Тек Құтарыс ауыл әкімшілігінің Жылыбұлақ ауылында ғана су құбыры тартылмаған. Ол жерде 365 халық тұрады. Келер жылы ол жерге су құбырын тарту құрылысы басталады.

Осылайша алдағы 2019 жылы Сайрам ауданындағы елді мекендердің толықтай ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады.

Қазіргі таңда төрт елді мекенде су шекті көлемде беріліп жатыр.

Аудандағы елді мекендердің 19-на көгілдір отын тартылған. Жыл аяғына дейін олардың қатарына тағы 10 елді мекен қосылады. Нәтижесінде аудан халқының 78 пайызы көгілдір отынмен қамтылады.

Сайрам ауданындағы Қарабұлақ ауылы облысымыздағы ең үлкен ауыл. Мұнда бүгінде 43 мыңнан астам тұрғын бар. Бұл көрсеткіш кейбір қаланың халқынан артық екенін байқауға болады. Бүгінде Қарабұлақ ауылы тұрғындары табиғи газдың қызығын көріп келеді. Қарабұлақ елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында  әзірленген сметалық құжаттары бойынша, 2 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалған. Газ құбырын тарту жұмысы 2013 жылы басталып, құрылысты «ГХ Шымкентгаз» ЖШС жүргізген.  Жобаға сәйкес  315 шақырым газ құбыры тартылып, 7438 абонент табиғи газға қосылды. Газды қолданысқа беру рәсіміне Түркістан облысы әкімі Жансейіт  Түймебаевтың өзі қатысып, қарабұлақтықтардың қуанышына ортақтасқан болатын

Тиісінше келер жылы тағы бес елді мекенге газ тарту бойынша жобалық сметалық құжаттама жасалады. Соның негізінде 2020 жылы бұл мәселе 100 пайыз шешімін табатын болады.

 

Dalanews.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар