Back
| DalaNews

Жетісайлық диқандар 2832 тонна жүзім жинады

Түркістан облысы Жетісай ауданында қауын, қарбыз жинау науқаны аяқталуға жақын. Енді  өңір диқандары жүзім теру жұмыстарына кірісіп кетті. 

| DalaNewsБүгінде Жетісай ауданында жалпы 650 гектар  жүзімдік алқабы бар болса, оның 82,5 гектары биыл отырғызылған. Қазіргі таңда жетісайлық диқандар жүзім алқаптарынан  2832 тонна өнім жинап үлгерді. Мол өнім жинап жатқандардың қатарында «Арсенал-сад» ЖШС-де бар. Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев аталған қожалықтың жүзімдік алқабында болып, жиын-терім жұмыстарының барысымен танысып шықты.

«Арсенал-сад» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің иелегінде 75 гектар алма, 92 гектар жүзімдік алқабы бар. Алманың бір келісі 100-150 теңге ал жүзімнің бір келісі 80-100 теңге аралығында сатылуда. Өндірілген өнімнің басым көпшілігі еліміздің солтүстік облыстары мен көршілес Ресей елінің шекаралас аймақтарына жөнелтілуде.

Серіктестіктің жұмысына жаңа серпін тілеген аудан әкімі алдағы уақытта өңірде қарқынды бау көлемі мен жүзім плантацияларын ұлғайту көзделіп отырғандығын жеткізді.

Айта кетейік, Жетісай ауданындағы жүзім алқаптарының басым көпшілігі Кеңес заманында әлемге аты мәлім болған Абай ауыл округінде орналасқан. Аталған округте қазіргі таңда 293,5 гектар жүздік алқабы жайқалып тұр. Қазірдің өзінде абайлық диқандар 1362 тонна жүзім жинап, ауданда көш бастады.

 

Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметі