Құлсарыда қауіп әлі сейілмегенін жергілікті тұрғындар әлеуметтік желідегі видеолар арқылы таратып жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Соңғы деректерге қарағанда, Құлсарыдан көшірілген адам саны 30 мыңға жуықтаған. Ал суға кеткен үйлер мен инфрақұрылым нысандары саны 3 мыңға жуықтаған.
Құлсарыға Премьер-министр Олжас Бектенов барған. Құлсарыдағы су тасқыны жағдайын тексеріп, тұрғындардың сұрақтарына жауап берген. Ол су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың жетекшісі. Атырау облысындағы ағымдағы жағдайды тексеріп, аумақты тікұшақпен аралап, өзен жағалауларын нығайту жұмыстарының барысын қараған.
Бектенов Құлсары қаласының тұрғындарымен сөйлесіп, олардың қабылданып жатқан шараларды күшейту бойынша сұрақтарына жауап берген. Сондай-ақ Жайық және Жем өзендеріндегі жағдаймен танысқан.
Жылыой және Қызылқоға аудандарында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы ТЖ режимі сақталып отыр.
Бүгінде Қызылқоға ауданындағы Миялы, Аққора, Жангелдин, Жасқайрат және Көздіқара ауылдарында қауіп-қатер сейілген. Ақтөбе облысы Ойыл ауданы жағынан Жем өзені деңгейінің көтерілуіне байланысты Жылыой ауданы Құлсары қаласын су басқан.
28 551 адам эвакуацияланған.
Өңірде келетін су азайту көлемін азайту үшін Жем өзенінің сағасы үш жағынан қазылды, сондай-ақ Жем өзенінің бойында орналасқан жасанды бөгеттер бұзылды. Бұл өзен арнасының бағытын өзгертуге және судың кедергісіз ағуын қамтамасыз етуге, оның Каспий теңізіне қарай өткізу қабілетін ұлғайтуға және су тасқыны қаупін азайтуға мүмкіндік береді.
Өз кезегінде тұрғындар мен волонтерлер тұрғын үй секторын су басуына жол бермеу бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.