Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIIІ сессиясы «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» деген ұран аясында өтіп, қасиетті қазақ жерін мекендеген жүздеген ұлт өкілдері қатысты. Келелі басқосуға еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған ел азаматтары Қазақстанның саяси-әлеуметтік дамуының маңызды аспектілерін талқылап, ойларын ортаға салды. Осы ретте Dalanews.kz ақпараттық агенттігі тілшісі Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, қоғам қайраткері, тележүргізуші, сондай-ақ қазақ тілінің жанашыры Алла Платоновамен сұхбаттасып, XXXIIІ сессия жұмысының мәні мен мазмұны жайында ойын таспаға басып алған еді. Енді соған назар аударсаңыздар.
Сессияның мақсаттары
Қоғам белсендісі Алла Платонова сессия жұмысында ҚХА-ның институционалдық әлеуетін және оның мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын нығайтуға басты назар аударылғанын атап өтті. Ол ішкі саяси тұрақтылық пен ұлтаралық келісімнің дәл қазіргі аумалы-төкпелі заманда қалай сақтап қалудың маңызы жайында көкейге түйген ойларын ортаға салды.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде Ассамблеяның институционалдық әлеуетін нығайтуға және оның мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын күшейтуге бағытталған бірқатар өзекті міндеттерді атап өтті.
Бүгінгі таңда ішкі саяси тұрақтылықты, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайту маңызды аспект болып отырғанын бәріміз білеміз. Сондықтан Қазақстан халқы Ассамблеясы бұл бағыттағы белсенді әрекет етіп, елімізде бірлік пен татаулықты сақтауға ұйытқы болуы керек, – дейді Алла Платонова Dalanews.kz ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында.
Қоғамды дамуытудағы маңызды бастамалар
Ұлтарылық келсімді сақтауда Қазақстан халқы Ассамблеясы өзінің өміршең институт екенін талай жылдан бері дәлелдеп келеді. Қазақ қоғамын ортақ мақсатқа ұйыстыруда бұл іс-тәжірибені пайдаға жаратудың маңызы зор.
Бұл ретте Платонова ханым халықтың билікке сенімін арттырып, еліміздің даму мен өсу перспективасын айқындауда Ассамблея мемлекет пен азаматтар арасында алтын көпір болатын мүмкінді бар екенін алға тартты.
– Біздің басты жетістігіміз – Тәуелсіз Қазақстан. Бұл бағыттағы басты мақсатымыз қарапайым әрі түсінікті болуы шарт.
Тәуелсіздігімізді баянды ету үшін елімізде қоғамдық келісімді сақтап, нығайтудың маңызы зор. Қоғамдық келісім мемлекет, қоғам, ұлт болып өмір сүрудің маңызды шарты. Ел азаматтары болашағымыздың баянды болуына сенбейінше, толыққанды мемлекет құру мүмкін емес. Бұл ретте мемлекет пен ел азаматтарының мақсаттары сәйкес келіп, синхронды әрекет етуі керек. Сол кезде еліміз қуатты мемлекетке айналып, ішкі бірлігіміз нығая түседі.
Осы ретті халық мемлекетке қай уақытта сенім артып, арқа сүйейді деген заңды сұрақ туындайды. Меніңше, кез келген азамат өзінің ертеңгі күніне сеніммен қарап, еліміздің қоғамдық-саяси кеңістігінде тұлғалық және кәсіби тұрғыдан өсу мүмкіндігі барлық жағдайдың жасалғанына көзі жеткенде оның бойында мемлекетке деген сенім пайда болады. Мұндайда мемлекет пен халық осыны түсініп, бірлесіп әрекет ете бастады, – деп Ассамблея белсендісі көкейдегі ойын бүкпей айтты.
Қазақ тілінің ұлтаралық қатынасты өркендетудегі рөлі
Қазақ тілінің этносаралық қатынас құралы ретіндегі рөліне Алла Платонова қазақ мәдениеті мен тіліне өзінің барынша адал екендігін айта келе, қазақ тілі мемлекеттің рухани негізін нығайтып, өмірдің барлық саласында тілдің дамуы үшін батыл тіл саясатын жүргізетін кезең келгенін ашып айтты.
– Мен қазақ мәдениетімен терең сусындаған адаммын. Біз Қазақстанды ортақ Отанымыз ретінде құрметтеп, оның тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін, тілін құрметтеуіміз керек деп есептеймін.
Алдағы уақытта еліміздегі маңызды тіл саясаты – ел азаматтарын біріктіретін негізгі факторлардың біріне айналуы шарт. Оған қазақ тілінің күш-қуаты толығымен жетеді, – дейді тіл жанашыры.
Су тасқынанын көмек көрсетудің масштабын арттыру керек
– Бүгініде су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету ісі Қазақстан халқы Ассамблеясының маңызды іс-шараларының біріне айналды десек артық айтқандық болмас еді.
Бұл ретте Ассамблея гуманитарлық көмекті үйлестіру үшін арнайы штабтар мен волонтерлік орталықтар құрылғанын атап айтуға болады. Бүгінде су тасқынынан зардап шеккендерге тек қажетті заттар ғана емес, сонымен қатар материалдық және қаржылық қолдау көрсетуда Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктері мен құрылымдарының өкілдері маңызды рөл атқарып отыр деп есептеймін. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады.
Қазіргі таңда су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға гуманитарлық көмек көрсету үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық және облыстық штабтары құрылғанын әңгіме арасында айттық. Оның құрамына ҚХА Парламент Сенатының депутаттары, этномәдени бірлестіктердің, «Жастар» ассамблеясының төрағалары мен мүшелері, еріктілер, меценаттар бар.
Сонымен қатар жергілікті жерлердегі Достық үйлерінде облыстық штабтар мен волонтерлік орталықтар қызу жұмыс істеп жатыр. Айталық, еліміз бойынша 12 мыңнан астам ҚХА еріктілері су тасқынының зардабын жоюға жұмылдырылған. Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері 1500 тоннадан астам азық-түлік пен бірінші кезекте қажетті тауарларды жинап, жөнелткенін мақтанышпен айта аламын, – деді Платонова ханым.
Өз кезегінде Алла Платонова ханым «Жүректен жүрекке» акциясының маңыздылығына тоқталып, оның аясында халыққа жан-жақты гуманитарлық көмек көрсетіліп жатқанын тілге тиек етті. Сонымен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясының Жастар ассамблеясының еріктілері зардап шеккендерге жеткізу үшін азық-түлік, киім-кешек және басқа да қажетті заттарды белсенді түрде жинап жатқанын да жеткізді.
Болашаққа көзқарас пен міндеттер
Емен-жарқын әңгіме барысында Алла Платонова еліміздің болашағы халықтың интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетіне тікелей байланысты екенін айтып қалды. Ол ел мен азаматтардың тағдырын анықтайтын интеллектуалдық даму мен патриоттық тәрбиенің маңыздылығына тоқталып, Отанға деген сүйіспеншілік ұлттық бірегейлікті сақтау және нығайту үшін ұрпақтан-ұрпаққа берілетін негізгі құндылық деп есептейді екен.
– Кез келген елдің рухани өмірінде отаншылдық сезім маңызды орынға ие. Партиоттық сезім мемлекеттің саяси, мәдени және тарихи қырының ерекше құрамдас бөлігі десек артық айтқандық болмас еді.
Соныдқтан жастарды отансүйгіштік тәрбиелеп, Отанға деген сүйіспеншілікке арттыруда – жоғары рухани деңгейдегі ұғымдар саналатын идеялық және рухани мұраны сақтауда аға ұрпақ барынша мүдделі болып, белсенділік танытуы керек деп есептеймін, – деп Алла Платонова ойын түйіндеді.
Жазып алған Ұлжалғас ЖҰМАХАН.