Ресейдің мемлекеттік думасының төрағасы Вячеслав Володин елден кетіп, кейін елге оралғысы келетін азаматтардың бір бөлігі сот алдында жауап беруі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Оның айтуынша, Ресейден кетіп, ел билігін, әскерді немесе мемлекетті сынаған, сондай-ақ Украина қарулы күштеріне көмектесті деп айыпталған адамдардың әрекетіне құқық қорғау органдары міндетті түрде назар аударады.
"Елден кетіп, біздің қорғаушыларымызды қорлаған, мемлекетке зиян келтірген, достыққа жат елдерге көмектескен, Украина қарулы күштерін қаржыландырған адамдардың ісін сот қарайды. Мұндай жалған азаматтардың елге оралуына құқық қорғау органдары нақты реакция жасайды", – деді Володин журналистердің сұрағына жауап бере отырып.
Ол сондай-ақ мұндай әрекетке барған адамдар уақыт өте келе өз ісін түсінуі мүмкін екенін айтты. Алайда олардың кінәсі қылмыстық жауапкершілікке жата ма, жоқ па және қандай жаза қолданылатынын сот анықтайды.
"Мұндай қадамға барған адам ерте ме, кеш пе, өз әрекетін түсінеді. Бірақ оның ісі қылмыстық жауапкершілікке жата ма және қандай жауапкершілік қарастырылатынын сот шешеді", – деді Мемдума төрағасы.