Теңізшевройл тиісті қысымды көтеру жүйесін пайдалануға беріп, бірінші өлшеу станциясын төмен қысымға ауыстырды, деп хабарлайды Dalanews.kz Dala Finance телеграм-арнасына сілтеп.
Осымен Теңіз мұнай кен орнында Ұңғыма ернеуіндегі қысымды басқару жобасының нысандарын қауіпсіз түрде эксплуатациялау басталды, деп мәлім етті ТШО.
"ҰЕҚБЖ - ұңғымалардың ернеуіндегі қысымды төмендету есебінен Теңіздегі көмірсутектерді өңдеу зауыттарының жұмысын толық қуатта (жылына 28 млн тоннаға дейін) ұстап тұруға арналған", - дейді арна дереккөзі.
Айтуларынша, келешек өндірісті кеңейту жобасының (ПБР) соңғы кезеңі 2025 жылдың бірінші жартысында аяқталады деп жоспарланған. Бұл ТШО-ға Теңізде шикі мұнай өндіру көлемін жылына тағы 12 миллион тоннаға ұлғайтуға мүмкіндік береді.
ПБР іске қосылмай тұрып, енді Қазақстан ОПЕК+ лимиті мәселесін шешуі тиіс. Теңіз кенішінің лимиттелмейтіні байқалады. Демек, басқа кен орындарындағы тәуліктік өндіру қысқаруы тиіс немесе ОПЕК+ бойынша Қазақстан өзіне преференция сұрайтын болады.