Бектенов су тасқыны кезінде тұрғындардың қауіпсіздігі баса көңіл бөлінетінін айтты

Жарбол Кентұлы 06 сәу. 2024 19:47 16115

Олжас Бектенов басты міндет тұрғындарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету екенін атап өтті. Премьер-Министр жағдайдың нашарлауына жол бермеу үшін жасалып жатқан шаралармен танысты.

 

Өңірде еріген қар суын өткізу мақсатында Қостанай қаласындағы кіші көпір ауданында жұмыс істемейтін жол төсемі ашылды, елді мекендерде арнайы бөгеттер салынып, еріген суларды басқа жаққа бұру үшін арықтар дайындалуда, топырақ толтырылған қапшықтар мен инертті материалдар төселіп, суды сору және басқа да жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қарасу және Тобыл өзендерінде мұз жару жұмыстары жүргізілді.

Жұмыстар күшейтілген режимде жүргізілуде. 2000-ға жуық адам, 650-ден астам техника, мотопомпалар, сондай-ақ жүзу құралдары мен әуе кемелері жұмылдырылды.

Өңірде су тасқыны кезеңі басталғаннан бері барлығы 3257 адам құтқарылды және эвакуацияланды, уақытша орналастыру пункттеріне 632 адам орналастырылған, қалғандары өз еркімен туыстары мен жақындарының үйіне баруға шешім қабылдады. Қосымша эвакуациялау және уақытша орналастыру пункттері толық дайындық режимінде.

Жағдай – тұрақты бақылауда.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар