13-14 мамыр күндері Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоған Астанаға мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Ресми сапар барысында екі ел көшбасшылары қазақ-түрік ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен алдағы даму перспективаларын талқылайды.
Сонымен қатар президенттер Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысына қатысады.
Ақорданың мәліметінше, 15 мамыр күні Түркістан қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшыларының бейресми саммиті өтеді.
Кездесу барысында "Жасанды интеллект және цифрлық даму" тақырыбы негізгі талқылау бағыттарының бірі болмақ.