Чукоткадағы (Ресей) ірі алтын және мыс кен орнын игеруді жоспарлап отырған «Баимская» тау-кен компаниясына АҚШ санкция салды. Бұл SDN List-ке енгендердің Америкадағы шоттарды бұғатталып, оларға америкалық резиденттермен серіктестік жасауға тыйым салынады деп хабарлайды Dalanews.kz Dala Finance телеграм–арнасына сілтеп.
Қазір «Баимская» компаниясы «Астана» Халықаралық қаржы орталығында 2022 жылдың маусымында тіркелген Trianon Limited жеке компаниясына тиесілі. Иелері — Владимир Ким (әлемдік Forbes рейтиңінде 890-орында, жергілікті тізімде 1-орында тұрған бизнесмен) мен Олег Новачук (жергілікті рейтиңде 13-орында).
Бес жыл бұрын компанияны қазақстандық KAZ Minerals Роман Абрамович пен Александр Абрамовтың Aristus Holdings компаниясынан сатып алған еді. Қолма-қол ақша мен акциялар түрінде жасалған мәміле сомасы — 900 млн доллар. Жоспар бойынша жобаны дамытуға 8 млрд доллар құйылуы керек болған.
Осы жобаны іске асыру үшін KAZ Minerals VTB-дан 3,6 млрд доллар кредит алған. Бірақ банкке санкция салынған соң, қарызын қайтаруда мәселе туындаған еді. Былтыр шілдеде «Баимская» компаниясы Trianon Limited иелігіне өткен. Бұл компанияның негізгі акционерлері — жоғарыда аты аталған қос кәсіпкер. Екеуара мәміле жасалғаннан кейін KAZ Minerals Ресейдегі жұмысын тоқтатады делінген.