Ел бюджетіне 730 млрд теңге түспей қалған

Ел бюджетіне 730 млрд теңге түспей қалған
lada.kz

2025 жылы республикалық бюджетке 730 млрд теңге көлемінде салық толығымен түспеген. Бұл туралы Жоғары аудиторлық палата мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

2025 жылғы салық және кедендік әкімшілендіру тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит аяқталды. Тексеріс қорытындылары Жоғары аудиторлық палатасы отырысында қаралды.

Мемлекеттік аудиторлардың мәліметінше, есепті кезеңде республикалық бюджетке түсетін салық жоспары толық орындалмаған. Түспеген сома 730 млрд теңге немесе 4,8%.

Негізгі себептердің бірі салық бойынша болжам 1,3 трлн теңгеге артық жоспарланған. Аудит нәтижесінде кейінгі төрт жылда қосымша есептелген салық сомалары бойынша дауланған істердің жартысынан астамы салық төлеушілердің пайдасына шешілгені анықталды.

Бұған салық заңнамасы талаптарын бұзу және салық тексерісі актілерін жасау кезінде жіберілген рәсімдік қателер себеп болған. Осыған байланысты Жоғары аудиторлық палата салық тексерісін жүргізу сапасын бақылауды күшейту қажет деп есептейді.