Back
| DalaNews

Әзірбайжан Гүленнің жақтастарына қарсы іс қозғады

Әзірбайжан билігі Түркияда мемлекеттік төңкеріс ұйымдастырды деп айыпталып отырған белгілі түрік уағызшысы Фетхулла Гүленнің жақтастарын қыспаққа ала бастады.

Ел билігі Түркиядағы төңкеріс іске асқан жағдайда бұл құбылыстың Әзірбайжанда жалғасуы мүмкін екендігіне сенімді. Осыған байланысты бірнеше әзірбайжандық «гүленшілерге» қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Аталмыш мәліметті республиканың премьер-министр мен ішкі істер министрі растады.

Айыпталушы азаматтар терроризм мен конституциялық құрылымды бұзуға дайындалды деген кінә тағылып отыр.

Әзірбайжан прокуратурасының мәліметінше, елдегі «гүленшілер» түркиялық ұйымдар арқылы қаржылық пирамида жолымен қаражат алып келген.

Қылмыстық істің басты фигуранттарының бірі – Әзірбайжан халықтық фронты оппозициялық партия басшысы Әли Керимли.

 

Дереккөзі: e-islam.kz