Мамандар шілде айында құрғақшылық болатынын айтып, дабыл қақты

Кәмшат Тілеухан 05 шіл. 2025 16:46

"Қазгидромет" РМК 2025 жылғы шілдеге арналған құрғақшылыққа байланысты болжамды жариялады. Жауын-шашын күтілмейтін өңірлер тізімінде 13 облыс қамтылған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Синоптиктер ауа температурасының жоғарылауы және жауын-шашынның жетіспеушілігі еліміздің жеке аймақтарында құрғақшылық жағдайларының күшеюіне ықпал ететінін ескертеді. 

2025 жылдың шілде айында бірқалыпты құрғақшылық жағдайлары мына елдімекендерде күтіледі:

 
  • Батыс Қазақстан облысында Жәнібек және Казталов аудандарында;
  • Ақтөбе облысында Шалқар және Мұғалжар аудандарында;
  • Атырау облысында Индербор ауданында;
  • Маңғыстау облысында Бейнеу, Маңғыстау және Қарақия аудандарында;
  • Қостанай облысында Амангелді, Жангелді аудандарында;
  • Қарағанды облысында Ақтоғай және Шет аудандарында;
  • Ұлытау облысында Ұлытау ауданында;
  • Абай облысында Аягөз және Үржар аудандарында;
  • Алматы облысында Балқаш, Жамбыл және Еңбекшіқазақ аудандарында;
  • Жетісу облысында Алакөл, Қаратал аудандарында және ішінара Панфилов ауданында таулы жерлерден басқасы;
  • Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарының басым бөлігінде.
"Еліміздің қалған аумақтарында ылғалдану жағдайлары нормаға жуық болады деп күтіледі", - дейді синоптиктер. 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар