Шетелдік азаматқа карта ашып берген банк қомақты айыппұл арқалады

Көркем Алдабергенова 04 шіл. 2025 15:35

Жетісу облысында заңмен резидент еместерге шоттарды қашықтан ашуға және төлем карталарын шығаруға тыйым салынған, керісінше банк қызметкері шет мемлекеттің азаматына оның жеке қатысуынсыз есепшот ашқан, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Есепшот кейіннен интернет-алаяқтармен азаматтардан ұрланған қаражатты аудару үшін пайдаланған.

Банк Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 214-бабының 4-бөлігі (қаржы мониторингі субъектілерінің клиенттерді тиісінше тексеру жөніндегі шараларды қабылдамауы) бойынша жауапкершілікке тартылды.

1 000 000 теңгеден астам сомаға сот салған айыппұлды банк төледі.

Банк қызметкерлеріне қатысты Қылмыстық кодексінің 254-бабы (міндеттеріне адал қарамау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар